Бұл жолғы емтиханда наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған ақылы ҰБТ-ға тіркелгендер мен маусым айындағы ҰБТ-да нәтижесі жойылған, тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеуден шығарылғандар, сондай-ақ тестілеуге басқа себепке байланысты қатыса алмаған түлектерге тест тапсыру мүмкіндігі берілді. Құжат қабылдау 2020 жылдың 25 шілдесі мен 1 тамызы аралығында жүргізілді. Ақтөбе облысы бойынша тестілеу емтиханына қатысуға 933 адам өтініш білдіріп, соның 759 келді. Оның ішінде 67 адам емтиханға кірер алдында тыйым салынған заттарды (ұялы телефондар, шпаргалкалар, т.б.) өзімен алып кіргені үшін және 21 азамат емтихан кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны үшін тестілеуден шығарылды. Нәтижесінде, 671 адам тапсырып шыққан.