Жетімдердің ақшасын ұрлаған педагог Таразда ұсталды
Жетімдердің ақшасын ұрлаған педагог Таразда ұсталды
198
оқылды
Бұған дейін бой тасалап жүрген Алматы облыстық балалар үйінің әлеуметтік педагогы Тараз қаласында ұсталған. Телеарнаның хабарлауынша, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену және талан-таражға салу дерегімен қылмыстық іске тартылған күдікті Алматыға жеткізіліпті. Ал есепшотына жылдар бойы мемлекеттен түсіп келген ақшасынан әп-сәтте айырылып қалған балалар бұл оқиғаға сене алмай отыр.
Балалар үйінің тәрбиеленушісі Валентина Баширова: «Алғашында сенген жоқпын. Соңында есеп-шотымды тексеріп көрейін деп шештім. Жағдайды көрген кезде есеңгіреп қала жаздадым. Бірден тәрбиешіге айтып бердім. Әрине, басында қанша ақша алынғанын біле алмадым. Кейін толық санағанымызда, есепшотымнан 7 миллион теңге жоғалғанын байқадық», – дейді.
Өткен аптада Алматы облыстық балалар үйініндегі әлеуметтік педагогқа жетімдердің ақшасын жымқырды деген күдікпен іздеу жарияланған еді. Сол кезде педагогқа өзінің атынан сенімхат берілгенін растаған директор тәрбиешінің балаларға есеп-шот, карточка ашуға құзыреті жеткенімен, ақшаны шешіп алуға заңды құқығы жоқтығын айтқан. Ал күдіктіні тұтқындаған полицейлер оны Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментіне тапсырыпты. Әзірге нақты қанша баланың зардап шеккені және ұрланған ақшаның жалпы көлемі белгісіз. Балалар үйінің кейбір қазіргі және бұрынғы қызметкерлері атышулы іске «директордың да қатысы болуы мүмкін» деп күдіктенеді.   [caption id="attachment_66430" align="aligncenter" width="1280"] width= Фото: КТК-дан скриншот[/caption] Олардың айтуынша, көбі басшылыққа қарсы келуден қорыққандықтан, жұмған аузын ашпайтын көрінеді.
Балалар үйінің тәрбиешісі Сарқыт Бозымбекова: «Балалардың бәрі Гүлмира Сансызбаевнадан қорқады, тәрбиешілер де қорқады. «Сендер кетесіңдер, сендер қаласыңдар, мына балалар үйін жауып тастайды, сонда көреміз, қалай күн көретіндеріңді» деп балаларды осылай қорқытып жатыр», – дейді.