«Бауырым-ай...» – Нұрәлі Әлиев Айсұлтан Назарбаевтың бұрын еш жерде жарияланбаған фотоларын көрсетті
«Бауырым-ай...» – Нұрәлі Әлиев Айсұлтан Назарбаевтың бұрын еш жерде жарияланбаған фотоларын көрсетті
Бұған дейін Нұрәлі Әлиев: «Менің қымбатты інім, дәл қазір менің қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмады, көп нәрсе айтқым келеді… Сен менің жадымда мәңгі қаласың! Сені үнемі жақсы көремін!», – деп жазған еді.    width=  width=  width=  width= Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы. Ол 1990 жылы 26 тамызда дүниеге келген. Айсұлтан Назарбаев Сандхерсттегі Британ корольдік әскери академиясын (2009-2010) және КИМЭП университетінің магистратурасын «бизнес-әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстанның Қорғаныс министрлігінде Бас барлау басқармасында қызмет еткен.    width=  width=  width=  width=  width= Футболмен айналысқан, бірнеше қазақстандық және шетелдік клубта, соның ішінде «Портсмута» жасөспірімдер командасында өнер көрсеткен. ФИФА, УЕФА халықаралық ұйымдарымен және Ұлттық қауымдастықтармен байланыс жөніндегі Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті болған. Айсұлтан Назарбаев 16 тамызға қараған түні Лондонда қайтыс болды. «Өлімнің себебі анықталуда. Жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін. Басқа мәліметтер әлі белгісіз», – делінген ресми хабарламада. Фотолар: Нұрәлі Әлиевтің Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды.