Демалыстан кейін жарысқа қатысқан Зарина Диас жеңіліп қалды
Демалыстан кейін жарысқа қатысқан Зарина Диас жеңіліп қалды
Зарина Диас пен Михаил Кукушкин АҚШ-та өтіп жатқан Цинциннати мастерс турнирінің іріктеу сайысында жеңіліп қалды. Әлемнің 66-ракеткасы Зарина Диас дүниежүзілік рейтингте 133-орында тұрған 20 жастағы америкалық Энн Лимен кездесті. Қазақстандық спортшы тәжірибелі әрі рейтингісі жоғары болғанымен, қарсыласына 1:6, 3:6 есебімен есе жіберді. Матч 1 сағатқа созылды. Ал ерлер арасындағы осы турнирдің іріктеу бәсекесінде рейтингте 91-сатыда тұрған М.Кукушкин әлемнің 77-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэмерон Норримен сынға түсті. Тартысты өткен кездесуде К.Норри 7:6 (7:3), 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 27 минутқа созылды. Осылайша, Зарина Диас пен Михаил Кукушкин іріктеу сайысының финалына шыға алмай қалды.