Қазақстанда Кавасаки синдромының жаппай таралуына қатысты министрлік жауап берді
Қазақстанда Кавасаки синдромының жаппай таралуына қатысты министрлік жауап берді
«Балалардың жаппай ауырып жатқаны туралы мәлімет шындыққа жанаспайды. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде қазақстандықтар коронавирус жұқтырған балалар арасында Кавасаки синдромы жаппай анықталып жатқаны туралы хабарлама таратып жатыр. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде, сондай-ақ, Қазақстанда коронавирустың жеңіл немесе симптомсыз түрімен ауырған балалар арасында көпжүйелі қабыну синдромы тіркелетінін хабарлайды. Оны Кавасаки синдромы деп те атайды. Бірақ мұндай ауру өте сирек кездеседі, сондықтан коронавируспен ауырған барлық бала бұл синдроммен ауыра бермейді», – делінген  министрліктің баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада. Бұған дейін әлеуметтік желіде Кавасаки синдромы туралы хабарламалар тараған болатын.