Есірткі сатушыға жаза қатаң
Есірткі сатушыға жаза қатаң
525
оқылды
«Нашақорлық – ғасыр дерті» деп жүрміз. Олай деу­г­е негіз бар. 2019 жы­лы елімізде 2 тонна 144 ке­лі есірткі тәркіленіп, 900 қыл­мыс тіркелген. Та­уар­ды сайт арқылы сатып жүргендер саны да ар­тып келеді. 2017 жы­лы төрт жүздей сайт бұғат­талса, өткен жы­лы олардың саны бес мыңға жеткен. Өз бизнесін адал жолмен емес, адамзатты мәңгүрттендіретін, ажал қақпанына ерте түсіретін, қылмысқа итермелейтін, әлемде заңсыз пайда табудың алдын бер­мей тұрған есірткі сатумен айна­лысатындар саны азаяр емес. Олар өз тауарларын өткізудің қы­руар түрін ойлап табуда. Бұл жабайы сауда біздің елді де айна­лып өткен жоқ. Бір-екі мысал кел­тіре кетейік. Өткен жылдың желтоқсан айында Солтүстік Қазақстан облысында бес күн ішін­де «Допинг» жедел-про­фи­лак­тикалық тексерісте полицей­лер адамды елітетін 2,5 мыңнан астам таблетка, 1,5 мыңнан астам құра­мында психотроптық компо­ненті бар дәрілік заттар ампула­сын, 3,2 литр прекурсорды тәркі­леді. Ал қазан айында Алматы қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитеті про­куратурамен бірле­сіп, 2 келі син­тетикалық есірткі, 526 литр пре­курсорлары бар ла­бораторияны анықтады. Айта кету керек, жыл өткен сайын есірткінің түрлері де көбейіп келеді. Сәй­кесінше, оны саудалайтындардың, ол аздай жарнамалайтындардың да саны өскен. Бүгінде есірткі бизнесін домалатудың белсенді аумағы – интернет желісі. 2017 жы­лы «ақ ажалды» сайт арқылы сатып жүргендердің төрт жүздейі бұғатталса, өткен жылы олардың саны бес мыңға жеткен.  

Заң күшейді

Биылғы жылдың 11 қаңтары­нан бастап заң күшейді. Бұған дейін есірткі затын сатудың жаңа тәсілдерін тауып, үйлер мен жа­тақ­ханалардың қабырғасына ашықтан-ашық хабарлама іліп кететіндер тек айыппұлмен құ­тыл­са, енді олардың бұл ісі заңмен жазаланады және ауыр қылмыс болып саналады. Яғни, оларға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Сонымен бірге «саудагерлер» де қатаң жаза алады. Бұл туралы Бас проку­рор­дың орынбасары Марат Ахмет­­жанов: «Бұдан былай интернет ар­қылы, түнгі клубта, дәмханада, бақ­та есірткі саудаланғандар 15 жыл­ға дейін, ал кәмелетке тол­маған жеткіншекке осындай тә­сіл­мен есірткі сатқандар өмір бо­йына бас бостандығынан айы­рылады», – деді баспасөз мәсли­хатында. Бұл заңға ілініп, өз өмірінің бірнеше жылын темір тордың арғы жағында өткізетін алғашқы «клиенттер» де бар. Олай деуімізге себеп, есірткіні жaрнaмaлaғaны мен нaсихaттaғaны үшін жaуaп­кершілік белгілейтін Қылмыстық кодекстің жaңa бaбы бойыншa ал­ғашқы қылмыстық істер қозғaл­ды. Айта кетейік, 15 қaңтaрдa Қa­рaғaндыдa полиция қызметкер­лері есірткі тaрaтaтын интернет-ресурстaр көрсетілген хaбaр­лaн­дыру жaбыстырып жүрген қaлa­ның екі тұрғынын ұстaды. Ұстaл­ғaндaрдың екеуі де нaркология­лық есепте тұрaды, қылмыстық, оның ішінде есірткі өткізгені үшін де бірнеше рет жaуaпқa тaртылғaн. Ал 17 қaңтaрдa Aлмaтыдa есірткі тарату орнын тінту бaрысындa грaф­фити-жaзбaсы үшін қолдa­нылaтын трaфaрет aлынды. Бұл құрал арқылы тaнымaл мессенд­жердегі топтарға интернет-сілте­мелер жaсaп келген. Есірткі та­ратуға қaтысушы ұстaлып, оның қолынaн әлеуметтік желідегі есірт­­кі тaрaтумен айналысатын топ­тың сілтемесі көрсетілген пa­рaқ­шaлaр, ұялы телефондaр aлын­ды. Ондaғы aқпaрaт осындaй жaр­­нaмa «тaпсырушылaрмен» өзaрa бaйлaнысуғa мүмкіндік б­е­ре­ді екен. Сонымен қатар 12 қа­ра­шада үй қабырғаларына тыйым салынған граффити-жазуларды жазған 30 жастағы тараздық тұр­ғын ұсталды. Сонымен қатар үй­лер­дің қабырғалары мен қоршау­лардың сыртынан есірткінің та­ра­луына қатысты код сөздері бар 800-ге жуық граффити-жазу өшірілді.  

Әлем дүрлігуде

Есірткі бизнесі әлемдегі басты мәселе болып тұр. Онымен күрес әр мемлекетте әртүрлі жүргізіледі. Мысалы, Иран Ислам Республи­касында есірткіні өндіруші де, та­ратушы да, пайдаланушы да қа­таң жазаланып, өлім жазасына кесіледі және жаза халықтың көз алдында орындалады. Сондықтан Иранда нашақорлар саны жоқтың қасы. Ал Еуропаның кейбір елдері бұл мәселені басқаша тәсілмен ше­шуде. Солардың бірі – Фин­лян­дия. Мұнда есірткі тұтынушы­лардың түгелге жуығы есепті тір­кеуге алынып, оларды белгілі бір мөлшерде ғана есірткі сататын дәріханаларға бөлген. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы­ның (UNODC) маусым айының 26-сы күні жариялаған «Есірткі туралы бүкіләлемдік баяндама – 2019» деп аталатын баяндамасында жантүршігерлік деректерді алға тартқан. Олар берген есептемеде әлем бойынша есірткіні 2017 жы­лы 271 миллионға тарта адам қол­данған екен. Бұл арада каннабис, кокаин және опиум, сондай-ақ син­тетикалық есірткі қолдан­ған­дар турасында сөз болып отыр. Яғни, аталған жылы есірткіге тә­уел­ді болып қалып, медициналық жәрдемге мұқтаж нашақорлар саны 30 миллионнан 35 миллион адамға дейін көбейген. Бұл ара­лық­та есірткі қолданудан бір жа­рым миллионнан аса адам бақи­лық болған екен. Баяндамада есірт­­кілік заттар ішіндегі ең көп қолда­ныл­ғаны – каннабис, ал ең қауіп­ті­сі – опиум екені айтылған. Опи­ум­ды қолданудан өлгендер саны өзге есірткі түрлеріне қара­ғанда, әлдеқайда көп болып шыққан.  

Еліткендердің көпшілігі – жасөспірімдер

Соңғы кезде есірткі пайдала­на­тындардың қатары көбейген. Сұраныс бар жерде – ұсыныс бар. Соны түсінген, өз бизнесін лас жолмен дөңгеленткендер оңай ақша табу мақсатында есірткінің жаңа түрлерін ойлап тауып, ортаға тастауын қояр емес. Ал құзырлы органдар нашақорлардың басым бөлігі 16 жастағы жасөспірімдер деп жария жасады. Ол да мүмкін. Бозбала бұл уақытта еліктегіш, қызыққыш келеді. Ішкі істер ми­нистрлігі Есірткі қылмысына қар­­­сы іс-қимыл департаменті бас­­қармасының басшысы Берік­хан Нұрғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда республика бойынша есірткі қолданатын 128 жасөспірім тір­кеу­де тұр. Олардың ең кіші­сі – 14 жас­­та. Есірткі қолданатын оқу­шы­лардың дені Астана, Алматы се­кілді ірі қалаларда тіркелген. Со­нымен қатар өткен жылы Қа­зақ­станда жасөспірімдерге дәрілік есірткі заттарын сатқан 101 дәрі­ха­наның басшысы жауапқа тар­тыл­ған болатын. Осыдан барып кәмелетке толмаған жеткіншекке есірткі сатқандарды өмір бойына бас бостандығынан айырмақ. Жөн! Олай болса, арнайы маман­дар ғана емес, әрбір адам бүкілә­лем­дік дертке қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылатынын ұмытпайық!    width=Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ