Шамамен үш жарым миллиондай шабақты құтқарды
Шамамен үш жарым миллиондай шабақты құтқарды
173
оқылды
Құрманғазы ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы тұсындағы Ржанау сайына көктемде келетін судың тартылуы салдарынан шағын көлшік бөлініп қалған.    width= Ондағы сазан және мөңке балықтарының шабақтарын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды. Шараға жергілікті атқарушы орган, жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері,  ауылдың ерікті жастары,  «Каспий балық» және «Амангелді» табиғат пайдалуанушылар қызметкерлері бар барлығы 60 адам жұмылдырылды.  width= Соның арқасында шамамен 3 миллиондай шабақ құтқарылып,  Қиғаш өзеніне жіберілді.