Өз пәтеріне «бомба қойған» астаналыққа қатысты сот үкімі шықты
Өз пәтеріне «бомба қойған» астаналыққа қатысты сот үкімі шықты
Ер адам сол күні өз пәтерінде туған күнін атап өтеді. Ішімдікке масайған кезінде құрбысымен сөзге келіп қалады.
«Ашуға беріліп көшеге шығып кеттім де, полицияға қоңырау шалдым. Пәтеріме бомба қойғанымды, оны қазір жаратындығымды айттым. Істеген әрекетіме қатты өкінемін»,– дейді ол.
Күдіктінің мекенжайын жедел анықтап, пәтеріне кіріп келген полиция қызметкерлерін көргенде елордалық таңданысын жасыра алмаған. Қылмыстық кодесінің 273-бабымен 3 жылға бас бостандығын шектелді. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментіне биыл елордада терроризм актісі туралы 5 жалған ақпарат түскен. Нұр-Сұлтан қалалық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Данияр Шымырқұлов: «Қылмыстың бұл түрі ауырлығы орташа санатқа жатады. Қоғамдық үлкен резонанс тудырады. Мемлекеттік құрылымдардың көптеген күші мен бөлімшелері жұмылдырылады. Қылмыстық кодекстің 273-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған», – дейді.