Канада премьері парламентті таратты
Канада премьері парламентті таратты
90
оқылды

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо парламентті тарататынын жариялады.

ТАСС таратқан ақпарға сәйкес, Джастин Трюдо Канаданың генерал-губернаторына парламентті таратаныны туралы өтініш берген. Аталған өтініш 11 қыркүйекте қабылданды.

«Бірнеше минут бұрын Канаданың генерал-губернаторы парламентті тарату туралы менің өтінішімді қабылдады. Канадалықтар сайлау учаскелеріне 21 қазанда келе алады», - деп хабарлады Трюдо.

Заңға сәйкес, Үкімет басшысы елдің генерал-губернаторы Жюли Пейеттің Оттавадағы резиденциясына табан тіреп, оған ұлттық парламентті тарату туралы ұсыныс айтқан. Осылайша Канада тарихында 43-ші сайлауалды науқан басталды.