Украина президенті Владимир Зеленский депутаттарды қол сұғылмаушылық құқығынан айыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Украина басшысының ресми сайтында хабарланды.
Заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Бұған дейін аталған заңды Жоғары Рада мақұлдаған еді.
Қабылданған құжатқа сәйкес, Украина Конституциясының 80-бабынан украиндық депутаттарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға, ұстауға немесе қамауға алуға болмайды деген ереже алып тасталады.