Алдағы демалыс күндері елімізде күн суытады
Алдағы демалыс күндері елімізде күн суытады
5,127
оқылды
Алдағы үш күн ішінде Қазақстанның басым бөлігінде циклон жүріп, әсіресе еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлады Қазгидромет РМК. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түсіп, дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы да мүмкін. Ауа температурасына келетін болсақ, күндіз сынап бағаны 20-25 дейін төмендеп, кей жерлерде 28 градус жылы болады деп күтіледі.