Монғолиядан тарихи Отанына оралған қандасымыз Нұрсауле Мұратқызы да праймеризге қатысуыға өтініш білдірді. 1993 жылы Нұрсауле де туғандарымен бірге қазақ топырағына табан тіреді. Туған жерде білім алды, өсті, өркендеді. Көкшетаудың іргесіндегі Зеренді ауданына қарасты Ескенжал мектебін басқарып отыр.
«Праймериз – өзімнің азаматтық позициямды көрсетудегі бірден-бір таптырмас жаңашыл бастама деп білемін. Ауылдық елді мекеннің болашағы мен халықтың өмір сүру қалпы, әлеуметтік, білім саласы, денсаулық сақтау жағынан түйткілді мәселелерді шешуге бар ынта-жігерімді жұмсаймын деген мақсатта белімді бекем буып, праймеризге қатысамын», – дейді Нұрсауле.Мектеп басшысы бола жүріп, халықтың мұң-мұқтажын жақсы біледі. Нұрсауле Мұратқызы егер осы жолдағы мақсаты жүзеге асса, ел игілігі үшін аянбай еңбек етпек.