Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрлікке қарасты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілетінін айтты. Ол 2011 жылдан бастап бірінші рет елімізде білім беру гранттарының құны өскенін атап өтті.
- Бұл жоғары білім беретін мұғалімдердің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді. Осыған дейін нұсқаулар бергенбіз. Шешім енді қабылданды. 1 қыркүйектен бастап Білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы орта есеппен 25 пайызға көтеріледі, - деді ол.