Бүгін Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттің танытымы өтті.
Forbes Kazakhstan ақпарына сәйкес, танытым барысында қаржы бойынша бірінші вице-министр Берік Шолпанқұлов маңызды ұлттық жобаларды жүзеге асыру үшін бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінетінін хабарлады. Бұл маңызды ұлттық жобалар – Абайдың 175 жылдығы, әл-Фарабидің мерейтойы, Конституция мен Қазақстан халқы ассамбелясына 25 жыл.
Вице-министр сондай-ақ өз сөзінде ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 2020 жылға 65,1 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті.
«Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 5 млн-ға жоғары. Қаражат көлемінің артуы Токиода өтетін олимпиада ойындары мен футболдан Еуропа чемпионатының тікелей көрсетіліміне, Barimiz birge атты волонтерлер жылын өткізуге байланысты», - деп түсіндірді вице-министр Шолпанқұлов.