22 тамызда Қарағанды облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі. Қарағанды қ.: күндіз 22 тамызда найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 22 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 22 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қ.: 22 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Петропавл қ.: 22 тамызда найзағай күтіледі. 22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 22 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз 22 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.