Қазақстандағы ең бай бизнесменнің бірі күдікке ілікті
Қазақстандағы ең бай бизнесменнің бірі күдікке ілікті
180
оқылды

Елдегі ең бай бизнесменнің бірі Василий Розинов алаяқтық жасады деп күдікке ілікті. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі «Иволга-холдинг» ЖШС-ның экс басшысына қатысты қылмыстық іс Қостанай қаласы № 2 сотына 6 қыркүйекте келіп түскенін хабарлады. Ақпарға сәйкес, Розинов ҚР ҚК 177 бабы, 4 тармағы бойынша аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталды.

Сот ісі 17 қыркүйекке белгіленген. Розинов тергеу барысында кепілдікте болды. Істі Қостанай қаласы № 2 сотының судьясы Батырбек Құдабаев қарайды. 2016 жылдың наурызында Еуразия даму банкі сотқа холдингті банкрот деп тану туралы талап-арыз берген еді. Банк тарабы холдинг банктен өнім өндіру, сатып алу, астықты өңдеу және экспорттау үшін 80 млн $ алып, уақытында қайтармаған. Дегенмен сот «Иволганы» банкрот деп танымады. 2018 жылы Розиновтың орнына холдингке басшы болып Айдарбек Қожаназаров тағайындалды. Оған холдинг жұмысын қалыпқа келтіру міндеттелді.

Василий Розинов 1955 жылы 8 қарашада дүниеге келген. Еңбек жолын 1983 жылы «Краснопартизанский» совхозының бас зоотехингі болып бастаған. 1990-1992 жылдары мал шаруашылығы цехының басшысы және «Животновод» өндірісінің басшысы болады. 1992 жылы Розинов «Иволга» кәсіпорнының басшысы, кейіннен «Иволга-Алтын» ЖШС бас директоры атанады. Сонымен қатар Василий Розинов бірнеше қызметті қатар атқарған: «ҚазАгро» ұлттық басқарма холдингі» АҚ тәуелсіз басшы, «Атамекен» ҚР ҰКП президумының мүшесі және Қостанай облысы кәсіпкерлер Палатасы аймақтық кеңесінің төрағасы. Мемлекеттік «Құрмет» ордені және ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған. Әлемдегі ең ірі аграрлық холдингтің экс басшысы қазақстандық Forbes тізімінде де бірнеше рет төбе көрсеткен еді (Қазақстандағы 50 ықпалды адамның қатарында №40 позицияда, 2016 жылғы Қазақстандағы ең бай бизнесмендер рейтингінде №41 позициядан көрінді).