Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық мұғалімдердің құқығын бұзғандар "аяусыз жазаланатынын" айтты. Білім және ғылым саласының педагогтері мен қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінің пленарлық отырысында Асхат Аймағамбетов бұған дейін мұғалімдерді өздеріне тән емес функциялар мен қағазбастылықтан босату туралы бұйрыққа қол қойғанын атап өтті.
Аймағамбетов бұл ережені бұзушылар "аяусыз жазаланатынын" айтты."Қысқа уақыт ішінде 30-ға жуық басшы әкімшілік немесе тәртіптік жауапқа тартылды. Сондай-ақ, мұғалімдердің құқығын бұзғаны үшін ата-аналарды немесе басқа да заңды өкілдерді жауапқа тартамыз. Бұл жұмыс жалғасады", - деді ол.