Қорғаныс құралдарын қала бойынша «Бақытты отбасы» орталығының 300 қызметкері алды. «Акция халыққа карантин аяқталмағанын және қауіпсіздік шараларын сақтау керегін айтты. Сақтық шараларын ұстанбау – сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян. Мамандардың кеңесіне жүгініп, қауіпсіздік шараларын сақтау керегін еске саламыз», – деді партия мүшесі Мәди Ахметов. Партиялықтар аз қамтылған отбасылар, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіп жатыр.
Н.БАҚЫТ