Жанып жатқан пәтерден екі бала құтқарылды
Жанып жатқан пәтерден екі бала құтқарылды
116
оқылды
Pavlodarnews.kz. өрттің шығуына жоғары қабаттағы пәтердің балконынан ұшып түскен темекі тұқылы себеп болғанын хабарлады. Ол кезде балалардың анасы емізулі баласымен дүкенге кетіп, балаларды үйде жалғыз қалдырған.
– Өрт орнына келген кезде №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері барлау жүргізіп, екінші қабаттағы үш бөлмелі пәтерде балалардың бар екенін анықтады. Қарауыл бастығы Асланбек Тілембаев өз қызметкерлеріне үш иінді баспалдақпен екінші қабатқа көтерілуге команда берді. Бөлімше командирлері Сұлтан Жасқайратов пен Нұрбек Шапенов баспалдақпен пәтерге көтеріліп, терезе арқылы 2014-2015 жылы туған екі ұлды шығарды, - дейді департаментте.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесіндегі бес қабатты үйдегі өрт туралы хабарлама «101» пультіне 12:23-те түскен. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 25 адам өздігінен сыртқа шыққан. Оқиға орнында бес техника және облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері жұмыс істеді. Тілсіз жау 12:37-де ауыздықталып, 12:45-те толығымен сөндірілді.