«Тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі. Осы уақытқа дейін тіркелуі тиіс көліктің бәрі үлгереді деген жоспар бар. Азаматтардың өтінішін ескере отырып, Техникалық реттеу және метрология комитеті қайта жабдықталған көліктерге жағдай жасап отыр. Ал біз (ІІМ – авт.) қайта жабдықталған көліктерді тіркеу уақытын созу мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов. Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз бұған дейін тіркеуге жататын 14 мың көліктің 10 мыңы құжаттарын реттеп қойғанын хабарлаған. Үлгермеген көлік иелеріне айыппұл салынады. Тіркеудің жалпы құны – 11 946 теңге. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында шетелдік нөмірлі көлік иелеріне 2021 жылдың мамырына дейін тіркелуіне уақыт берген еді.
Ж.НҰРЛАН