Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаһан

Байден келесі президент пе?

35 жыл сенатор болған Джо Байден экс-президент Барак Обаманың сенімді серігі болды. 8 жыл вице-президент қызметін атқарды. Кезінде Иракқа қарсы соғысты тоқтатуға шақырды. Таулы Қарабақ жанжалында Арменияны қолдады. Бүгінде Трамппен тайталасып, ел президенті атануға ұмтылып жатыр. Екеуінің мүмкіндігі шамалас. Байденнің басым тұстары аз емес, алайда кемшілігі де бар. Сонымен, ол Билл Клинтон заманынан келе жатқан бір адамның қатар қос президенттік мерзімін ат­қаратын АҚШ дәстүрін үзе ме? Әлде партиялас-үзеңгілесі бас­қа Клинтон, Хилларидің тағдырын қайталап, жеңілістің ащы дәмін сезе ме?

«Айқын» ақпарат
Тамыз 22, 2020
Жаһан, Әлем, Жаңалықтар
Baiden
279
қаралым

Джо Байден 30 жасында Дэ­нуер штатынан сенатор бо­лып сайланып, елдің ең жас саясат­керлерінің бірі атанды. Кейін осы қызметін 35 жыл бойы 1973-2008 жылдары атқарды. Бұған дейін екі рет президентікке үміт­кер болған, алайда сәті түспеді. АҚШ саясаты жайлы қалам тер­бейтін жергілікті журналистер оны ұяң, ерекше қасиеттері көрінбейтін кандидаттың бірі деп си­паттайды. Басқалары Ва­шинг­тондағы саясаттың майын ішкен әккі саясаткер, тіпті ауди­торияның тамырын баса ала­тын оратор дейді. Бірақ осы баяу жүрісімен демократиялық пар­тияның праймеризін жеңіп шықты. Жақында ғана партия атынан президенттік сайлауға ресми кандидат ретінде тіркелді. Себебі сәтті қадамдар жасады, ық­палы азаматтармен серіктес болды. Мәселен, Оңтүстік Каро­лина штатында қара нәсілді кон­гресмен Джим Клайберн афро­­америкалықтардың қолдау көр­сетуіне қолқабыс білдірді. Қысқасы, ол Трамптың бас қарсы­ласы атанды.

Алайда Байден қанша тә­ж­ірибе­лі тұлға болса да, көбі­не басына пәлені тілінен таба­тындардан. Мәселен, 1987 жылы президенттік праймеризге қатысу үшін ел алдында «мен шахтердің ұрпағымын» деп сөз бастайтын болған. Дегенмен оның ешбір атасы шахтер болмағаны анық­талғанда президенттік додадан түсіп қалған. 2009 жылы «эко­номиканы бүлдіретінімізге 30 па­йыз ықтималдық бар» деген бол­жамы үшін өткір сынға ұшы­р­ады. Ал 2012 жылы Байден «мен сегіз президентті жеке та­ныдым, үшеуімен жақын қаты­наста бол­дым» дегені үшін күл­кіге қалды. Жалпы, оны аф­ро­америка қауымы қолдайды. Осы тұжырымға қатты сенді ме, жақында радиоға келіп «егер сіз менімен Трамп екеуміздің қайсысымызды таңдауда қиналып тұрсаңыз, онда сіз қара нәсілді емессіз» деген сөзін көпшілік жақтырмай қалды. Яғни, адам терісі қара болса, Байденді міндетті түрде қолдау керек дегенді кім шығарды деп ашуланғандар табылды. «Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды» демекші, оның абайсызда, әлде әдейі айт­қан сөздері осылай өзіне соққы болып жатады. Себебі кейін оның көмекшілері «ол басқа нәрсені меңзеген еді» деп жуып-шаюға тырысады.

Жалпы, Байденнің қазіргі жайы жаман емес. Неге? Себеп көп. Біріншіден, оның болмысы. Ол – байыпты, байсалды азамат. Ал Америка халқы 4 жыл бойы Трамптың қиқар мінезінен, шоу жасайтын қылықтарынан мезі болғандай. Ең бастысы – одан бі­різді, жүйелі саясатты күткен еді. Ал Трамп жағдайға қарай құбылып, әлемнің жартысымен қарым-қаты­насын бұзды. Мұның жанында Бай­деннің салмақты болмысы се­нім оятатындай. Екіншіден, АҚШ-тың саяси истемблешменті Байденге болысып бағуда. Тіпті, кезінде республикалық партия құрамында болғандар да. Ал осы партиядан шыққан экс-пре­зиденттер Трампты ресми қол­даған емес. Мәселен, жақында өткен демократиялық партияның басты жиынында Джо Байденді экс-президент Билл Клинтон, Барак Обама, Джимми Картер, мемлекеттік хатшы болған Джон Керри, Колин Пауэлл қолдады. Бір қызығы, Пауэлл – республикалық партияның құрамынан шыққан саясаткер. Алайда ол Трампқа қарсы шықты. Экс-президенттер бұрын-соңды партияласын бұ­лай қолдаған емес. Әсіресе, Ба­­рак Обама Байденмен бірге роликтер түсіріп, саясатқа жанама түрде оралғандай болды. Яғни, өзінің абыройын Трампқа қарсы қолдануға тырысуда. Оның да өз себебі жоқ емес. Трамп билікке келген бойда Обаманың қол жет­кен жетістіктерін түбірімен жоққа шығаруға, жоюға кірісті.

Президент фракция басшыларымен кездесті

Жүйелі жаңғыру жалғасады

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті 22 жылға сотталды

Үшіншіден, пандемия және оған іле-шала ұласқан қара нә­сіл­ділердің Black lives matter қоз­ғалысы Трамптың жағдайын қиын­датты, ал Байденге жағдай жасағандай. Себебі соңғысы қыс­та бірнеше штатта сәтсіздікке ұшы­рап, рейтингі төмендеген еді. Бірақ карантиндегі шектеулер бәрін өзгертті. Неге? Ұзақ уақыт оқшауланған халық табыссыз қалып, ашуын биліктен алғысы келді. Пандемия барысында АҚШ коронавирустан ең көп жапа шеккен ел атанды. Бүгінде 5,7 млн АҚШ азаматы дерт жұқ­тырып, 176 мыңы көз жұмды. Яғни, ел басшылығының вируспен күресудегі сәтсіздігі қоғамды Трамп­­қа қарсы қойды. Бұдан бө­лек, Трамп о бастан-ақ нәсілді жергілікті сайлаушылардың өкілі саналды. Ол мигранттарға, өзге нәсіл өкілдеріне қырын қара­ды. Сондықтан мамыр айында Мин­неаполистегі қара нәсілді Джордж Флойдтың өлімінен кейін басталған Black lives matter қозғалысы бір жағы Трампқа қар­сылық ретінде қарастырылды. Се­бебі ол демонстранттарға күш қолданды, ұлттық гвардия әскерін қалаларға жіберді. Ал Байден өз кезегінде демократтардың өкілі әрі либералды құндылықтарды на­сихаттаушы ретінде қара нә­сілділердің қолдауына ие болды.

Жақында Джо Байденнің вице-президент ретінде Камала Харристі таңдауы оның осы бағыттағы бағ­дары анық екенін дәлелдеді. Хар­рис – қара нәсілді әйел. Ал қазір әлемдік саясатта, әсіресе Батыста әйелдерді билікке тарту тренд про­цесс. Оған қоса, осы арқылы Байден афроамерикалықтарды өзіне жақтас етуге тырысып ба­ғып жатқандай. Олардың саны елде 44 млн-ға жуық. Жоғарыда аталған аргументтерді соңғы ста­тистикалық сандар да бекем етіп тұрғандай. Сауалнамаға сенсек, АҚШ азаматтарының 53 пайызы Байденді, 42 пайызы Трампты қол­­дауға дайын.

 

Байден келесі президент пе?Нұрмұхамед БАЙҒАРА

 

 

 
Тегтер: БайденДжо Байденпрезидент
Алдыңғы жаңалық

Бір бума ақшаны терезеден лақтырып жіберген шенеунік ұсталды

Келесі жаңалық

Шетелде оқитын қазақстандық студенттерге қойылатын талаптар жарияланды

Ұқсас жаңалықтар

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты
Жаңалықтар

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Қаңтар 17, 2021
иіс
Жаңалықтар

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қаңтар 17, 2021
Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты
Жаңалықтар

Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты

Қаңтар 17, 2021
коронавирус
Жаңалықтар

Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауырып қалды

Қаңтар 17, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Қаңтар 17, 15:22

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қаңтар 17, 14:46

Индонезиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны артты

Қаңтар 17, 14:13

Мейрамбек Бесбаев коронавируспен ауырып қалды

Қаңтар 17, 13:19

Димаш алғаш рет онлайн концерт беріп, 6 тілде ән шырқады  

Қаңтар 17, 12:43

Қазақстанның 5 өңірі «қызыл» аймаққа енді

Қаңтар 17, 11:56

COVID-19: 294 адамның жағдайы ауыр

Қаңтар 17, 11:19
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Дәрігер коронавируспен ауырған адам инсульт алуы мүмкін екенін айтты

Қаңтар 17, 2021
иіс

Қарағандыда 7 адам иістен уланды

Қаңтар 17, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»