Шөптің бағасы шарықтап тұр
Шөптің бағасы шарықтап тұр
 

Үш облыста баға ушыққан

Бұрынғылардың «қыстың қа­мын жаз ойла» дейтіні дәл осы мал шаруашылығына ба­ғыт­талып ай­тылғандай көрінеді кейде. Жеке қо­жалық­тарды есеп­­­­ке алмаған күн­нің өзінде, ауыл халқының тү­гелі дерлік мал өсіреді. Қыс кезінде қам­сыз отыра алмасы анық. Бірақ өңір-өңірде жем-шөп бағасы қым­баттап жатыр. Науқан сайын үй­рен­шікті әдет осы. Мысалы, был­тыр 1 орам (рулон) шөп­тің бағасы ел аума­ғында шамамен 3-7 мың тең­геге сатылса, биыл 4-10 мың тең­геге дейін өскен. Тіпті, Атырау об­лысында 1 орам шөптің құны 15 мың­ға, ал қуаңшылықтан ылғи зар­дап шегіп, көбіне шөпті өзге об­лыстардан тасы­малдайтын Маң­ғыстау айма­ғын­да 25 мыңға дейін ша­рықтап кеткен. Сонымен, әр об­лыстағы шөп бағасына шолу жасап көрсек. Жамбыл облысында бір орам шөп 5 мың теңгеден сау­да­ланса, Аты­рау облысында кем дегенде 10 мың теңгеге та­­ба­сыз. Еліміздің сол­түстік өңірлерінде 5-6 мың тең­ге бол­са, Алматы облысындағы баға көңіл көншітпейді – 8-9 мың тең­ге аралығы. Қостанай мен Қара­ғанды аумағында 8 мыңға ба­ғаланған бір орам Ақмола об­лы­сында 5-7 мың теңгеден саты­лып жатыр, Ақтөбе жерін­де – 6 мың теңге. Алайда Шы­ғыс Қазақстан облысында баға мәз емес – құн өсімі 10 мың теңгеге тірелген. Яғ­ни, Атырау, Маңғыстау және Шы­ғыс Қа­зақ­станда шөп бағасын қым­бат деп тұспалдауға болады. Қал­ған өңірлерде орташа есеп – 5-9 мың теңге. Ал Батыс Қазақстан облысында сәл де болсын арзан бағаға табуға бола­тын сияқты, соған сай таң­дау да көп. Бірақ баға біркелкі емес, бір ғана облыстың әр ауданында әртүр­лі. Шыңғырлау ауда­нында бір орам 2,5 мың теңге, Жәнібек пен Сырым ауданында 4 мың теңге болса, Тасқала мен Бө­кей орда айма­ғында 6 мың, Ақ­жайық пен Жаңақала ау­данын­да 8 мың теңгеге жеткен. Алай­да об­лыс­­та­ғы кей тұрғындар құнның қым­­­­­­­баттағанына ғана емес, дайын ақ­шасына сатып алар шөп таба ал­май жүргенін айтады.  

Бағаны кім реттемек?

Мал иелері шөп бағасының қымбат екенін айтып дабыл қақ­қанымен, жергілікті ауыл шаруа­шылығына қатысты бас­қармалар мен шаруалардың әдеттегі айтар назы біреу – «биыл қуаңшылық бол­ды». Ра­сын­да да, елді мекен­дер­де шөппен қамтамасыз ету жайы күрделі мәселеге айналған. Ал бағаны ешкім қадағаламайды, әр­кім өз қалаған құнын белгі­леп, сау­далай бермек. Төрт тү­ліктің қыс­тан аман шық­қанын ойлайтын мал иелері жо­ғары бағаны амалсыз еле­мей, жыл сайын қымбаттай беретін жем-шөбін сатып алуға мәж­бүр. Мысалы, орташа есеп­пен ал­ған­да Қазақстандағы әр ауданға 200 мың тонна шөп керек екен. Шамамен бір ірі қара қыстан аман шы­ғу үшін жемін есеп­темеген күн­нің өзінде 10 орам шөпті қажет ете­ді делік. Елі­мізде бір орам шөп­тің орташа бағасы 8 мың теңге деп алсақ, бір ғана ірі қараның қыстық азығын қам­дау үшін 80 мың теңгеге шы­ғын­даласыз. Ал он бастан ар­тық малы бар адам мил­лиондап шы­ғындалса да таңғал­майсыз. Тұрғындарға шөпті жеткі­зіп, шөп тасымалымен айналы­са­тын адам­дар бар. Көбіне жайылымда шөп шабатын шаруа­­лардан тиімді бағаға алып, өзінің шығыны мен көруі тиіс пайдасын есепке алып, тұрғындарға қымбаттатып са­та­­ды. Бірақ шөп тасыма­лымен айналы­са­тын­дардың да айтар уәжі бар екен. Жуырда Батыс Қазақстан өңі­рінің тұр­ғындары шөп тап­шы­лығын ең алғаш қозғап, бағаның өскеніне наразылық білдірген болатын. Тек тұрғындардың тала­бын ғана ескермей, шөп тасыма­лымен айналысатын жандар­дың пікіріне құлақ асқан едік. Мысалы, БҚО-да талай жыл­дан бері шөп тасымалымен айна­лысып жүрген Қуат Хаса­нов есімді азамат өз ісі қа­ра­байыр көрінгенімен, маша­қа­ты мен шығыны бастан асатынын жеткізді. – Бірен-саран адамға түсі­ніс­тік­пен қарап, жеңілдік жа­сап, 7 мың­нан тасып береміз. Бірақ нау­қан бойы ол бағамен таси ал­май­мыз ғой. Жолға ке­те­тін шығын өзін ақтамайды. Шөпті Жымпиты деген жердің арғы жағынан таси­мыз. Бір бару – 400 шақырым жер. Ба­рып-келуіміз 800 шақырымға созылады. Таңғы 5:30-да шық­сақ, түс­тен кейін 15:00-де әрең жете­міз. Шөп тиеп, кері шыға­мыз. Жолда қонып қалатын кез­деріміз бар. Па­ромнан өту тағы ақша. Көлік бос болса 4 мың, шөп тиелген бол­са, 10 мың теңге төлейміз. Кейде жол бойында МАИ қызметкер­лері тоқ­татады. Техникамды бұзып, жөн­деуге қоймақшы­мын. Ол тағы шы­ғын. 4-5 күн­нен соң тасы­мал­дау­ға қайта шыға­мыз. Биыл шөп­тің бір орамы 8 мың теңгеден кем бол­­масы анық. Шаруалардан өзі­міз 3,5-4 мың теңгеден ала­мыз. Бұл ба­ға уақытша, әлі де өсуі мүмкін, – дейді ол. Қорыта айтқанда, «малым – жа­­нымның садағасы» дейтін мал иелеріне қыс оңай соқ­пайын деп отыр. Мал азығы турасында түйт­кіл­дер мен ше­шіл­меген мәселелер көп еке­ніне көз жет­кіздік. Баға ба­қы­лаудан шыққан. Сондықтан ор­ған шөбін кім қаншаға сатса да, өз еркі. Ал­да­ғы кезеңдерде мұн­дай ке­лең­сіз үрдіс жалғаса бермеуі үшін Ауыл шаруа­шы­лығы басқар­ма­лары жағ­дай­ды қа­да­ғалап отыр­­ғаны жөн се­кілді.  

мадиярМадияр ТӨЛЕУ