Көпбалалы аналарға 16 мыңнан астам маска таратылды
Көпбалалы аналарға 16 мыңнан астам маска таратылды
154
оқылды
Пандемия кезінде азаматтарға қолдау көрсету аясында «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы қаланың 8 аудандық «Бақытты отбасы» орталықтарында көпбалалы аналарға арналған 16 мың медициналық маска таратты. Қорғаныс құралдарын қала бойынша «Бақытты отбасы» орталығының 300 қызметкері алды. «Акция халыққа карантин аяқталмағанын және қауіпсіздік шараларын сақтану керектігін жеткізеді. Сақтық шараларын ұстанбау сіздің және жақындарыңыздың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Мамандардың кеңестеріне жүгініп, өздеріңізді сақтау керектігін естеріңізге саламыз», - деді партия мүшесі Мәди Ахметов.    width= Естеріңізге салсақ, пандемия кезінде партия мүшелерінің басым бөлігі аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қайырымдылық ұйымдарына өтеусіз көмек көрсетіп келеді. Сонымен қатар, олар тегін ыстық тамақ, медициналық бұйымдар, дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныс құралдарымен қолдау көрсетуде.