Партиялықтар 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек береді
Партиялықтар 1,5 мыңнан астам отбасыға көмек береді
134
оқылды
Алматыда «Nur Otan» партиясы мүшелері «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуде. 1,5 мыңнан астам алматылық отбасыға планшеттер, кеңсе тауарлары бар оқушы сөмкесі, веб-камералар және тағы басқалар беріледі. Пандемия өзінің түзетулерін енгізді. Бұл жағдай білім беру саласына да әсер етті. Барлық мектептер қашықтықтан оқыту форматына көшті. Осыған байланысты партиялықтар қайырымдылық ақшаның көп бөлігін оқушыларға компьютерлік техника сатып алуға жұмсады, бұл – планшеттер, веб-камералар. «Nur Otan» партиясының мүшесі, «КазФерроСталь» ЖШС бас директоры Аида Бекманова №142 мектептің аз қамтылған отбасыларына, сондай-ақ зауыт қызметкерлеріне көмек көрсетті. «Менің төрт балам бар, кіші ұлым биыл дайындық сыныбына барады. Барлығына кеңсе тауарларын сатып алу үшін біршама ақша кететін еді.  Осындай кезде партиялықтардың көмегі маған үлкен қолдау болды. Олар балаларыма кеңсе жабдықтарымен қатар, планшет сыйлады. Қиындықта жалғыз қалдырмай, балаларды мектепке дайындауға көмектескені үшін «Nur Otan» партиясына үлкен алғысымды білдіргім келеді», - дейді зауыт қызметкері Жанар Найзағараева. Өз кезегінде Аида Бекманова балаларға қолдау көрсетуді өзінің парызы деп санайтынын атап өтті.