Қауіпсіздік үшін кім жауапты?
Қауіпсіздік үшін кім жауапты?
389
оқылды

Еңбекті қорғау және қауіп­сіз­дік техникасы. Көп адам бұл екі сөздің мағынасын бір-бі­ріне жиі байланыстырады. Алай­да екеуінің айтар ойы екі түр­лі дүние.

Еңбекті қорғау – басшылықтың қыз­меткерлерді жұмыс істеу ба­рысындағы қауіпсіздік ша­ра­­ларымен қамтамасыз етуі. Ал қауіп­сіздік техникасы жұмыс­шы­ның өз әрекетіне тікелей бай­ла­нысты. Нақтырақ айтқанда, жұ­мыс істеу барысында жұмысшы өз қауіпсіздігі үшін сақтық шара­ларын ұстануға міндетті. Мысалы, медициналық қолғап дәрігерге өте қажет, ал мектептегі математика пәнінің мұғалімі үшін аса маңызды емес. Демек, әр саланың өз құра­лы, әр маманның өз жабдығы болуы керек.

Ал енді негізгі сұраққа жауап із­деп көрейік. Сіз «Газды қалай өн­діруге болады?» деген сұрақ төңі­регінде ойланып көрдіңіз бе? Үй­де естен тандырардай өткір иіс пайда болған жағдайда адамдар газ иісінен құтылу үшін ойланбастан терезе желдеткіштерін аша бастай­тынын білеміз. Ал осы өткір иісті газдың пайдасы мен зияны туралы білсек те, қалай өндірілетіні туралы аса ойланбайтынымыз анық. Оған қоса, әлемнің әр түкпірінде газ жарылысынан болған түрлі апат­тар туралы да естіп жүрміз.

Енді бір сәтке газдың қан­ша­лық­ты қиын әрі қорқынышты жағдайда өн­дірілетінін елестетіп көріңіз.

Дәл осы тізімге мұнайды да қо­суға болады. Себебі оның кіш­кентай тамшысы суға түссе, өздігінен ыды­рап кетпейді. Керісінше, суды ластап, жолындағының бәрін бі­теп тастайды.

Мұнай өндіру саласы – мем­­­лекет экономикасы үшін маңыз­ды стратегиялық сектор. Сонымен қатар қай жерде болсын жанғыш пайдалы қазбалар еңбек қауіп­сіз­дігі мен қауіпсіздік техникасы әре­кетінің нәтижесін шеше ала­ды. Бұл дегеніміз – осындай кен орындарында жұмыс істейтін әрбір жұмысшы жұмыс барысындағы кез келген кішкене қателікке жол бермеуі керек деген сөз. Се­бе­бі бұл салалар ешқандай олқы­лық­ты, шалыс қадамдарды көтере ал­­­майды.

Жұмыс барысындағы жұмыс­шыға қойылатын талаптар төңіре­гін­де сөз етсек. Әрине, рұқсат етіл­ген және шектеу қойылған талап өте көп. Тіпті, тізімге мыңнан аса түрі кіруі мүмкін. Бірақ бас­ты қысқаша ережелерді атап өту­ге болады. Сонымен, жұмыс беру­ші төмендегі дүниелермен қам­тамасыз етілуі керек:

– ғимараттарды пайдалану ке­зіндегі жұмысшылардың қауіп­сіз­дігі, өндіріске қажетті құрал-жабдықтар;

– жұмысшылардың және ұжым­ның қауіпсіздігі;

– арнайы киім, аяқкиім және бас­қа да жеке қорғаныс құралдары;

– қауіпсіз жұмыс әдістері мен тех­никасына үйрету;

– міндетті медициналық тек­серуден өтпеген немесе ден­­­­сау­лығында кінәраты бар қыз­мет­кер­лердің жұмыс істеуіне рұқсат ет­пеу.

Қауіпті өндіріс орындарында жұ­мыс істейтін жұмысшы қауіпсіздік әдістері мен қауіпсіздік тех­никасын меңгеріп, білімі мен практикалық дағдыларын тек­сергеннен кейін, жұмыс ор­нындағы еңбек қауіпсіздігі туралы нұс­қаулық пен аталған жұмыс түрі­не рұқсат етілген арнайы сер­тификат болған жағдайда ғана жұ­мысқа қабылдауға немесе тағы­лымдамадан өтуге рұқсат етіледі.

Жоғарыда айтып өткен шарт – мұнай-газ өндірісіндегі ұстануға тиісті және міндетті шарттардың кіш­кене ғана бөлігі. Алайда жұ­мысшылардың көпшілігі оларды тиянақты түрде ұстана бермейді. Жұмысшы жұмыс орнында болған уақытта оның қауіпсіздігіне жұмыс беруші жауапты. Сондықтан ол қауіп­сіздікті сақтай отырып, ба­рын­ша сақтық шараларын ұс­тануы қажет. Жалпы алғанда, жұ­мыс беруші тарап қауіпсіздік ша­раларымен қамтамасыз еткен жағ­дайда да, оны іске асыру жұ­мыс­шының іс-әрекетіне тікелей бай­ланысты. Сондай-ақ кез келген жұ­мысшы өз қауіпсіздігін сақтай оты­рып, өзінің және басқалардың қауіп­сіздігіне үлес қосатынын ұмыт­пауы керек.