"Республикалық бюджет туралы" заң жобасында 2021 жылға арналған доллардың теңгеге шаққандағы есептік бағамы жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "2021 жылға арналған болжамы 86,0 ммиллион тонна мұнайды өндіру көлеміне және мұнай барреліне 35 доллар әлемдік баға мен АҚШ долларына шаққанда теңге бағамы 420 теңгеге сүйене отырып саналды және 1,95 мың теңге болды", - делінген талқылаудағы заң жобасында.
Заң жобасында Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке бір триллион теңге сомасында нысаналы трансферттің 2021 жылға арналған жоспарлары туралы хабарланады. Сондай-ақ, Ұлттық қордан 2021 жылға арналған республикалық бюджетке 2,7 триллион теңге мөлшерінде кепілдендірілген трансферт ұсынылады.