Армия ойындары айбынымызды асырды

Армия ойындары айбынымызды асырды

Қорғаныс министр­лі­гін­де «­V ха­­лықа­­ралық Армия ойында­ры – 2019» жеңімпаз­да­ры мен жүлдегерлерін сал­танатты түрде мара­пат­тау мен құттықтау рәсі­мі өтті.

Қорғаныс министрінің басшылығымен өткен салтанатты шараға Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың басқару құра­масы, Қарулы Күштердің әскер тектері қолбасшылары мен түр­­ле­рінің бас қолбасшылары, бө­лім­шелер құрылымының бас­шы­лары қатысты.

Қорғаныс ведомствосының басшысы марапаттау жүлделерін әс­кери салада жеке және ко­ман­­­далық есепте үздік өнер көр­сет­кен, кәсібилігін дәлелде­ген 13 әске­ри қызметшіге табыстады.

«I дәрежелі Ел қорғаны» ведомство медалі «Авиадартс» ха­лықаралық сайысының май­­дандық авиациясының ұшқыш­та­ры майор М.Дәулетбаев пен Д.Коробкинге, «Әскери-меди­циналық эстафета» қатысушысы дәрігер-хирург, медициналық қызметінің капитаны А.Таңа­та­роваға, «Сұңқар аңшы­лы­ғы» ұшқышсыз ұшатын ап­па­раты штурман бөлімінің аға лейте­нанты М.Беспаевқа табыс етілді.

Ал «II дәрежелі Ел қор­ға­ны» ведомствосы меда­лі «Танк биатлоны» конкур­сы­ның қатысу­шы­лары аға сер­­жант А.Алпамысов пен А.Шоин­­­баевқа, «Қару шебері» сайы­сынан аға сержант Е.Бек­та­совқа, «Артиллериялық оқ ату ш­еберлерінен» сержант Г.Дәу­­­летов пен ефрейтор Г.Әб­ді­­­рахмановқа, «Мерген шебі» жарысында кіші сержант А.Әді­лов пен ефрейтор Д.Ильи­­­нов­ке, «Сенімді қабыл­дау» бойынша кіші сержант Д.Сейсебаев және «Әлем жауын­гері» сайысының қатысушысы ефрейтор М.Са­фа­ко­ваға бұйыр­ды.

«Халықаралық армия ойын­дарына қатысу бар­лық санаттағы әскери қызметшілердің кәсіби дайындығының маңызды және практикалық құрамдас бөлігі. Олардың кә­сі­би мансаптық өсуіне және оқу кезеңінде ынта­лан­дыруға қо­сымша жағдай жасайды. Сон­дықтан жарысқа жақсы дайын­далған жеке құрам қатысты», – деді өз сөзінде Нұрлан Ермек­баев.

Айта кетейік, 2019 жылдың 3-17 тамыз аралығында мерей­той­­лық бесінші Армиялық халықаралық ойындары өтті. 32 конкурстан тұрған жа­рыс 10 елдің 21 әскери поли­го­нында болды. Қазақстан Қару­лы Күштері құра­ма­сы 32 кон­курстың ішінен 16-сына қатысып, үздік ойын көр­сет­кен құрама ретінде таныл­ды.

Біздің әскери қызметшілер жа­рыстың алғашқы кезеңі­нен-ақ баса озып, үздік үш­тік­тің қатарынан көрінді. Нә­ти­жесінде, Армиялық ха­лықа­ралық ойындарының жал­пы қорытындысы бойын­ша, қа­зақстандық әскери қызмет­ші­лер 39 мемлекеттің арасынан командалық құрамда үшінші орынға тұрақтады. Байрақты бәсекеде еліміздің құрамасы тек Ресей мен Қытай командасына басымдық берді.