2018 VP1 астероиды Жерге 2 қарашада жақындайды. Мәскеу уақытымен сағат 18:33-те астероид Жерден 384 мың шақырым қашықтықта ұшып өтеді, деп хабарлайды РИА Новости. Аспан денесі Жерге қауіп төндірмейді. Астероидтің ғаламшар атмосферасына кіру ықтималдығы небәрі 0,41%-ті ғана құрайды. Астероид 2018 жылы 3 қарашада ашылған. Аспан денесі "Аполлон" тобына жатады.