Әлеуметтік желілерде 25 жастағы Марлен Нұрғасеновке ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабы «Ауыр дене жарақатын қасақана келтіріп, салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде іздестіру туралы» ақпарат тарап жатыр.
Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Атырау облысының Құлсары қаласында 15 тамызда сағат 19:00 шамасында 35 жастағы ер адамның өлімі туралы хабарлады. «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция төрт күдіктіні анықтап, қазір іздеуде», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.