23-25 тамыз аралығында жол-құрылыс жұмыстарына байланысты Нұр-Сұлтанда бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
Орташа жөндеу аясында Бигелдинов көшесінде Сарыарқа даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты 23-25 тамыз аралығында көлік қозғалысын толығымен жабу жоспарланған.
Дәл осы мерзім ішінде қозғалыс толығымен жабылады дейді.
"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін маршрутын алдын-ала жоспарлау керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз", – деді елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында.