Сирияда соғыс аяқталды - Лавров
Сирияда соғыс аяқталды - Лавров
5,149
оқылды

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирияда соғыстың аяқталғанын хабарлады.

«Сириядағы соғыс шынымен аяқталды. Мемлекет ақырындап бейбіт өмірге аяқ басып келеді», - деді Лавров.

Ол Сирия Араб Республикасы үкіметінің бақылауында жоқ аймақтарда ғана шиеленістің барын алға тартты. Бұл аймақтар – Идлиб және Евфраттың шығыс жағалауы.

Министр Сирияның топырақ бүтіндігін қалыпқа келтіру үшін Ресей жәрдем ететінін айтты. Лавровтың сөзінше, соғыстың салдарын еңсеру Таяу Шығыстағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Сәуірде Ресейдің Бас штабы Сирияда соғыстың аяқталғанын, елде ірі ауқымдағы ұрыс операцияларының жүрмейтінін хабарлаған еді.