Тағы үш мыңға жуық армян көлігі тіркеуден өтуі керек, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі. Министрлік мәліметінше, Армениядан автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталуға жақын қалды. Бүгінгі таңда 11 мыңнан аса автокөлік тіркелген. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашевтың айтуынша, тағы 3000-ға жуық көлік тіркеуден өтуі қажет. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев "Хабар 24" телеарнасына берген сұхбатында айтты.