Әбілфайыз Ыдырысов өмірден өтті
Әбілфайыз Ыдырысов өмірден өтті
255
оқылды

Елге танымал журналист, жазушы, қоғам қайраткері, Әбілфайыз Ыдырысов 89 жасында дүниеден өтті.


Талантты журналист Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Егіндісай ауылында дүниеге келген. Елге журналистік қырымен ғана емес, жазушылылық қасиетімен танылған жан. Өзі педагог әрі тарих ғылымдарының кандидаты болған. Ол еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетінің редакциясында әдеби қызметкер ретінде бастап, бас редактор қызметіне дейін көтерілген. Сондай-ақ, радиода, республикалық басылымдарда еңбек еткен.

Шығармашылық еңбек жолында 800-ден астам публицистикалық мақала, очерк, оқулық жазған. Сонымен бірге, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу» тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындады. Оған қоса, Әбілфайыз Ыдырысов  деректі «Таңшолпан» романының авторы ретінде де танымал болған.

Әбілфайыз Ыдырысов - Қазақстанның Ұлыбританиядағы, Исландиядағы және Ирландиядағы Төтенше және өкілетті елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.