Алты өңірде ауа райы бұзылады
Алты өңірде ауа райы бұзылады
фото: ашық дереккөз
5,146
оқылды
Қазақстанның алты өңірінде ауа райы бұзылады,деп хабарлайды синоптиктер. 24 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Жезқазғанда 24 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Петропавлда күн күркірейді. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ал кей жерлерде өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі деп болжанады. Ақмола облысында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болады. Көкшетауда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. 25, 26 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі,  16-21 м/с жылдамдықпен жел соғады. 25, 26 тамыз күндері Таразда күн күркірейді, желдің екпіні 16-21 м / с жетеді.