Қандай өнімдерді шикідей жеуге болмайды? – мамандар кеңесі
Қандай өнімдерді шикідей жеуге болмайды? – мамандар кеңесі
фото: ашық дереккөз
196
оқылды
Мамандар шикі күйінде жеуге болмайтын өнімдерді атады. Ең алдымен, термиялық өңдеуден өтпеген дүкеннің шұжық өнімдерін жеуге болмайды. Оларда листерия, яғни ас қорыту жүйесінің жұмысын бұзатын бактерия болады. Улану қаупі бар. Екінші орында - бұршақ. Оның құрамында зиянды токсиндік заттар болады. Әсіресе, қызыл бұршақтың дайындалу сапасына мән беру керек. Өйткені қызыл бұршақ тиісті деңгейде піскенде ғана қауіпсіз болады, деп хабарлайды Sabah. Сондай-ақ, мамандар шикі асшаяндарды жеген кезде де мұқият болу керектігін ескертеді. Себебі оларды жасанды тәсілмен өсіріп, антибиотиктермен тамақтандырып, суларына пестицид пен фунгицид қосады. Бұдан бөлек, хлор сынды химиялық қоспалар көп қолданылады. Басылымның мәліметіне сәйкес, бадам, саңырауқұлақ және рауғашты да шикідей жемеген жөн.