Танымал журналист Әділ Дүйсенбек дүниеден озды
Танымал журналист Әділ Дүйсенбек дүниеден озды
204
оқылды

Танымал жазушы, журналист Әділ Дүйсенбек 77 жасында дүниеден озды.


Ол дүниеге 1942 жылы 24 мамырда қазіргі Тараз қаласының жанындағы Жас өркен ауылында дүниеге келген. Кейін әскер қатарында болып, әуе десантында қызмет еткен. Әскери міндетін өтеп келген соң, Қазақ мемлекеттік университеттегі оқуын одан әрі жалғастырып, 1969 жылы филология факультетін бітірген.

Университеттің соңғы курсында жүріп республикалық бұрынғы «Социалистік Қазақстан», қазіргі «Егемен Қазақстан» газетіне кіші әдеби қызметкер болған. Содан бері осы басылымда үзіліссіз еңбек етіп, бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі болған. Арасында Президент Баспасөз қызметінде редактор болған. 

Әділ Дүйсенбек журналистігімен бірге, жазушылығы да қалыс қалған емес. Осы күнге дейін бірнеше әңгімелер мен повестердің авторы. «Ақ күмбез», «Көкжиек» «Жүрек жылуы», «Шерағамның шеруі» деген кітаптары шыққан.

Өзі С.Ходжанов атындағы сыйлықтың лауреаты, Еңбек ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған болатын.