Алайда ол ешкімге өкпе артқан емес. Еңбексүйгіш, өмірдің жағымды жақтарын көруге тырысады.
«Бұл жағдай маған оңай тиген жоқ. Қиналдым. Ұлым ол кезде 4 жаста болатын. «Мама, уайымдама, мен өскенде аяғыңызға ең қымбат, ең керемет протез алып беремін» деді. Маған осы сөз күш берді. Одан бері біраз жыл өтті. Қолымнан келгенше жұмыс істеп келемін. Ертең не боларын білмейміз ғой. Әр күнімде бағалаймын, шүкір етемін. Рас, кейде бәрінен шаршайтын кез болады. Бірақ мен тез қалпыма келемін. Балаларым шабыт береді. Ештеңеден қорықпаймын, тіпті өлімнен де. Тек балаларым балалар үйінде өспесе екен... Оларды жеткізсем деймін. Бар тілегім – осы», – дейді Жанна Бакенова.
«Ұлым сабақты күтіп жүр. Өте сезімтал, ерке. Жақында сабағына қажетті дүниелерді Nur Otan партиясы алып берді. Осы үшін партияға шын жүрегімнен алғыс айтамын», – дейді.Жанна – еңбекқор. Уақытын бос өткізген емес. Құрылыста жұмыс істейді. Талай адамның үйін сылап берді. Олар Жаннаның кәсібилігіне, тиянақтылығына дән риза. Ал тапсырыс болмаған кезде, қолдан түрлі дүниелер тоқиды.