COVID-19 жұқтырған Юлия Тимошенконың жағдайы ауыр
COVID-19 жұқтырған Юлия Тимошенконың жағдайы ауыр
фото: ашық дереккөз
89
оқылды
Украинаның бұрынғы премьер-министрі және "Батькивщина" парламенттік фракциясының көшбасшысы Юлия Тимошенкодан коронавирус расталды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Марина Сорока хабарлады. Бұған дейін украиналық бұқаралық ақпарат құралдары Тимошенко коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатын. Алайда ақпаратты ешкім растамаған еді. "Иә, өкінішке қарай, бұл рас. Тест оң нәтиже көрсетті. Жағдайы ауыр, дене қызуы 39 градусқа дейін жетіп отыр. Күресіп жатыр", - деп жазды Сорока Facebook парақшасында.