Батыс Қазақстанда 19 жастағы жігіт селфиге түсемін деп суға кетті

Батыс Қазақстанда 19 жастағы жігіт селфиге түсемін деп суға кетті

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 23 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында болған. Сағат 16.30-да 2001 жылғы тұрғын Мұратсай су қоймасында тізесінен келетін суда киімшең тұрып, селфи жасаған. Алайда абайламай, су астындағы тереңдігі 2-3 метр шұңқырға құлап, батып кеткен. Марқұмның денесін сағат 17.00-де жергілікті тұрғын шығарып алды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өзен-көлдердің рұқсат етілмеген аймақтары қауіпті екенін ескертеді.