Автобус жардан құлап, оннан астам адам қайтыс болды

Автобус жардан құлап, оннан астам адам қайтыс болды

Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаның салдарынан кемінде 17 адам мерт болды. ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Грузияның Ішкі істер министрлігі: «Осы уақыттағы мәліметтерге сәйкес, оқиғаның салдарынан кемінде 17 адам мерт болып, 3 адам зардап шеккен», – деп хабар таратқан. Құтқарушылар зардап шеккендерді қауіпсіз жерге жеткізіп, артынан жедел жәрдем қызметі оларды ауруханаға алып кеткен. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Бисо ауылының маңында болған. Микроавтобус 80 м биіктіктен тасқа құлаған. Әзірге апаттың себеп-салдары туралы ешқандай нақты ақпарат жоқ. Грузияның Ішкі істер министрлігі жол апатына қатысты тергеуді бастады.