Түнде 10 автобус өртеніп кетті
Түнде 10 автобус өртеніп кетті
Фото: Интернеттен алынды
137
оқылды
Өрт 24 тамызда таңғы сағат шамамен 04:19-да болған. «Рудныйдағы №2 өрт сөндіру бөліміне «Рудный Автотранс» ЖШС аумағында өрт шығып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар жолаушылар автобусы өртенгенін анықтаған. Олар басқа автобустарды қауіпсіз жерге көшіруді ұйғарды. 12 автобус қауіпсіз жерге тасымалданды. Өртті сөндіруге Рудный қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен мемлекеттік емес мекеменің 2 техникасы, 18 маман жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр» делінген хабарламада. Мамандар өртті толығымен таңғы сағат 05:10-да сөндірген. 10 автобус өртеніп, 2 автобусқа зақым келген.