Бір тәулікте пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Бір тәулікте пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Фото: Интернеттен алынды
106
оқылды
Соңғы мәлімет бойынша 823 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері ауырғандар саны – 22744, 258 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандардың саны 4519 жетті. Ал коронавирустан ем алып жатқан адамдар саны – 10 597 адам. Науқастардың арасында 52 сәби бар. Стационарларда 5 673 науқас жатыр. 4 924 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 309 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 70 науқастың халі нашар. 50 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлайды» делінген хабарламада.