Мектептер коронавирус ошағына айналды – ВВС
Мектептер коронавирус ошағына айналды – ВВС
Фото: Интернеттен алынды
BBC-дің хабарлауынша, негізі елде білім беру мекемелерінің көбі 2 апта бұрын ашылған. Сол уақыттан бері бір ғана Берлиннің өзінде 825 мектептің 41-інде вирусқа шалдығу дерегі тіркелген. Салдарынан жүздеген оқушы мен мұғалім карантинге жіберілді. Олардың қатарында бастауыш сыныппен қатар жоғары сынып оқушылары да бар. Мектептердің ашылуына байланысты вирустың өршуі АҚШ пен Изральде де тіркеліп отыр. Ескерер жайт, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жеткіншектердің коронавирусты ересектер секілді тарататынын растайтын дәйектер көп екенін жария етті. Сондықтан мамандар «жасы 12-ден асқандар да үлкендер секілді маска тағып жүруі керек» деп коронавирустың таралу қаупі сейілмегенін айтып отыр.