Қаржы пирамидасын құрғандардың қулығы әшкере болды
Қаржы пирамидасын құрғандардың қулығы әшкере болды
Фото: Интернеттен алынды
Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысындағы Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері 30 шілдеде қаржы (инвестициялық) пирамидасын анықтағанын хабарлады.
«Қылмыстық жүйе біреудің салған салымынан басқа қатысушылардың ақшасы көбейіп отырған. Жеке тұлғалардың қаржысы арқылы азаматтардың табысын тұтынушы кооператив есебіне аударып отырған. Оған кіру сомасы – 180 мың теңге», – деп хабарлады ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша ҚК-нің 217-бабының 1-бөлігіне сәйкес («Қаржы пирамидасын құру және басқару») сотқа дейінгі тергеу басталды.