Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2019 жылғы 10 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Тлеуовты ұстады.
Ол мемлекеттік сатып алу келісімшарты негізінде ауданды жарықтандыру қызметі бойынша атқарылған жұмыстардың актісіне қол қойып, «қамқорлық» жасау үшін пара талап еткен деген күдікке ілінді. Т.Тлеуовақа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Nur Otan партиясының Жарғысына сәйкес партияның беделін түсіретін және партия мүдделеріне зиян келтіретін іс-әрекеттері үшін партиялық бақылау комиссиясының ұсынысы бойынша Nur Otan партиясы Алматы аудандық филиалы Бюросының шешімімен Т.Тлеуов партия қатарынан шығарылды.
«Адамдардың мемлекеттік органдарға деген сенімін бұзатын, партия мүшесінің әрекеттеріне жол берілмеу керек деп санаймыз. Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық фактілерінің барлық деңгейлерінің жолын кесу, қоғамдық бақылау шараларын күшейту қажеттігін жариялаймыз. Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілікке, мемлекеттік органдар жұмысының ашық және анық болуына шақырамыз»,–делінген Бюро шешімінде.