Түркияға әуе қатынасы қайта ашылады
Түркияға әуе қатынасы қайта ашылады
Фото: Интернеттен алынды
131
оқылды
Бұған дейін COVID19-ның таралуына байланысты, түрік тарапы 2020 жылдың 5 тамызынан бастап Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулер енгізген болатын. Екі ел арасындағы рейстерге қойылған шектеулерді алып тастау мәселесі бойынша түрік тарапымен келіссөз жүргізілді. Осылайша, Түркияның авиация билігінің айтуынша, шектеулерді алып тастау мәселесі Түркияның Денсаулық сақтау министрлігімен үйлестіріліп және COVID-19 таратылуының тұрақтануы мен жақсаруын ескере отырып, түрік тарапы Қазақстаннан Түркияға жолаушылардың кіруіне шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Рейстер Қазақстан мен Түркияның санитарлық-эпидемиологиялық нормаларын қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.