Әлемнің ең үздік елдері тізімінде Қазақстан 66 орынға ие болды
Әлемнің ең үздік елдері тізімінде Қазақстан 66 орынға ие болды
© сурет интернеттен алынды

Жыл сайын US News & World Report әлемдегі ең үздік елдердің рейтингін жариялайды. Олардың мәліметтері бойынша 2020 жылы Швейцария ең үздік ел атанды. ТОП-бестікке Канада, Жапония, Германия және Австралия кіреді. Үздік ондықта, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия бар. Бұл туралы Ranking хабарлайды.

Рейтинг тоғыз көрсеткіш негізінде жасалды:

1) кәсіпкерлікті дамыту; 2) туристер арасында танымалдылық; 3) өз азаматтарына қарым-қатынасы (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік); 4) мәдени ықпал; 5) тарихи мұра; 6) даму әлеуеті; 7) бизнестің ашықтығы; 8) әскери күш; 9) өмір сапасы.

Қазақстан биыл 2 сатыға жоғарылап, Гватемала (65 орын) мен Гана (67 орын) арасында 66 орынға ие болды. Сөйтіп, Ресейден (23 орын) және Әзербайжаннан (61 орын) қалып қалған.

"

Қазақстан 9 индикатордың 7-уінде өз позициясын жақсартты, бірақ айтарлықтай емес. Еліміз келесі көрсеткіштер бойынша ең жақсы позицияға ие: әскери күш (36 орын), даму әлеуеті (42 орын) және бизнестің ашықтығы (65 орын). Ең нашар көрсеткіштер: мәдени ықпал (72 орын), кәсіпкерліктің дамуы (71 орын), туристер арасында танымалдық (70 орын), өз азаматтарына деген көзқарас (70 орын), тарихи мұра (70 орын).