Елордада құбыр жарылып, Пушкин көшесін су басты
Елордада құбыр жарылып, Пушкин көшесін су басты
170
оқылды
Елордада суық су құбыры жарылып, Пушкин көшесін су басты. Бұл туралы «Астана су арнасы» МКК хабарлады.  Бүгін сағат 12-30-да «ҚазГерҚұрылыс» ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында диаметрі 900 мм-лік шойын құбырды зақымдаған. Қазіргі уақытта аталған аумақта тұратын тұрғындарды басқа құбырға қосу және зақымданған құбырды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Су жеткізу ұйымдастырылды. Су таситын көліктің қай жерде тұрғанын 76-76-76 нөмірі арқылы анықтауға болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада. Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университеті мен Отырар кітапханасы аралығындағы жолдың үстін су басқан. Адамдар жолдан арлы-берлі аяқ киімдерін шешіп тастап өтуге мәжбүр.