Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны өзіне салдыртуға дайын
Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны өзіне салдыртуға дайын
© сурет интернеттен алынды
100
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы вакцинаны өзіне салдырады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты.
«Вакцинаның дайын болуы үшін тиісті мерзімді күту керек, жарты жылдан кем емес уақыт кетеді. Вакцина барлық халықаралық сертификаттаудан өткеннен кейін министр екпені қабылдауға дайын екенін айтты. Ол денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері болғандықтан, екпені ақысыз түрде алады. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері 200 мыңнан астам, олар тәуекел тобына еніп отыр», - деді ресми өкіл.
Ресми өкілдіің айтуынша, оның (министрдің) отбасы және кез келген медицина қызметкерінің отбасы мүшелері вакцинаны өзінің қаржысына сатып алады.