Елорда әкімі мектептердегі санитарлық нормаларды күшейтуді тапсырды
Елорда әкімі мектептердегі санитарлық нормаларды күшейтуді тапсырды
© сурет интернеттен алынды
126
оқылды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов мектептер мен колледждердің директорларына жаңа оқу жылына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалуды тапсырды. Дәлірек айтсақ, санитайзерлер орнатып, қашықтықты сақтау туралы белгілерді орнату шарт. «Кезекші топтардың» оқушылары парталарға шахмат тәртібімен отыруы керек.
«Сапалы дайындықты қамтамасыз ету маңызды. Қашықтықтан жұмыс режиміне көшу студенттердің алған білімінің сапасына әсер етпеуі керек. 1-4 сынып оқушылары «кезекші топтарда» оқи алады, санитария нормаларының қатаң сақталуын қамтамасыз ету қажет», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар Алтай Көлгінов мұғалімдерді Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин, «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгілерімен, алғыс хаттармен марапаттады.